04.06.2015, 18:00

Рим метросында поездар соқтығысып қалды

Римде метрода екі поездың соқтығысып қалуы салдарынан кем дегенде 12 адам зардап шекті, деп хабарлады Interfax-Kazakhstan итальяндық телеарнаға сілтеме жасап.

Оқиға "Б" линиясында болған, ол жерде құрамдардың жүруі тоқтатылған.

Оқиға болған орында полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.