$ 494.87  520.65  4.91

SCAT Түркиядағы қазақстандық туристерді тегін алып келуге әзір

SCAT әуе компаниясы Travelsystem туроператорының қызметін тоқтатуына байланысты зардап шеккен қазақстандық туристерге Түркиядан Қазақстанға тегін ұшу мүмкіндігін ұсынып отыр деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ұшу кестесіне сәйкес, Анталиядан рейстер Қарағандыға (21:00), Өскеменге (18:00), Астанаға (12:00 және 13:30) және Алматыға қатынайды.

Әуе компаниясындағылар Қазақтанға SCAT рейстерімен ұшу үшін туристерге әуежаға ұшу уақытына дейін екі сағат бұрын келіп, әуе компаниясының өкіліне немесе тіркеу орнына жүгіну қажет екенін ескертті.

«Ол жерде туристер Қазақстан азаматтығын растайтын құжатты, қайта алып келуі тиіс болған әуе компаниясының әуе билетін, туристік компанияның ваучерін ұсыну қажет және ұсынылған рейстердің бірімен Анталиядан SCAT ұшағымен ұшуға келісімді білдіретін хатты жазуы тиіс. Бұл жолаушылар үшін орындар тіркеу аяқталғаннан кейін бос орындар қалған жағдайда ұсынылатын болады», — деп нақтылады тасымалдаушының баспасөз қызметі.

«Жолдамалары аяқталғандар ғана кетіп жатты. Қонақүйлерден ешкімді қумады. Адамдардың өз нөмірлерінде қалуы үшін барлық жұмыстар жасалды. Кей тұстарда түрік жағымен келістік, кей тұста туристер өздері төледі, кей тұста туристік агенттіктер шығынды өздеріне алды. Қазіргі таңда 164 турист бойынша мәселені шешу керек, бұл 57 қонақүй нөмірі. Бұл 28 мамыр мен 3 маусым аралғында келген адамдар», — деп мәлімдеді министрліктегілер.

Министрліктегілердің айтуынша, Travelsystem-нің осы 164 клиенті бойынша мәселе шешілмесе, онда туристерді төтенше шығару мәселесі қарастырылады.

«Шығарылуы тиіс адамдарды SCAT, «Air Astana» және Atlas Jet арасында бөліп таратамыз. Қазақстандағылар үшін ол жаққа әзірше ұшпаған жөн деген кеңесімізді бергіміз келеді», — деп хабарлайды туризм индустриясының департаменті.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары