$ 448.15  483.46  4.86

16 жылдан кейін ашылған қылмыс

Солтүстік Қазақстан облысында адам өлтіргені үшін 16 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

ІІД-нің хабарлауынша, адам өлтірген Әзербайжанның 34 жастағы тұрғынына 1999 жылы бастап іздеу жарияланды. 

"Әзербайжандық әріптестердің іздеу ісіндегі материалдарға сәйкес, өз әкесімен қылмыстық сөз байласқан Гянджа қаласының тұрғыны Баку-Қазақ күре жолының 285-ші шақырымында ер адамды өлтіріп, 14 миллион 800 мың манат сомасындағы ақшаны ұрлап әкетті. Арам ойларын жүзеге асырған соң, олар белгісіз бағытта із-түссіз жоғалды", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан ІІД қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері Әзербайжандағы әріптестерінен ақпарат алып, іздеуде болған ер адамның Петропавлдағы жатақханалардың бірінде тұрып жатқанын анықтады.

"Қазіргі таңда ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, жақын уақытта өз еліне экстрадицияланады" — деді ІІД

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары