Emirates ұшағының стюардессасы апаттық жағдайда шығатын есіктен құлап, алған жарақатынан қаза тапты.
Оқиға Уганданың Энтеббе қаласында Emirates — EK 730 рейсін ұшуға дайындау кезінде болған.
"Ұшақ экипажының мүшесі Энтеббе халықаралық әуежайынан ұшар алдында апаттық шығу есігін ашып, ұшақтан секіріп кетті", — деп жазады Daily Monitor.
Әйел адам алған жарақатынан көз жұмған. Оқиғаның себептері әлі белгісіз, бірақ куәгерлер әйелдің өз-өзіне қол салған болуы мүмкін екен айтады. Қаза тапқан стюардессаның қолында әйнек бөтелкеге ұқсас зат болған.
"Тізесі жарақаттанған, денесінде тіліктер болды", — дейді оқиға куәгерлерінің бірі.
Компанияның ресми өкілдері, баспасөзге хабарлама дайындап жатқандарын әрі тергеумен өзара байланыста екендерін айтты.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан