Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі қайтыс болды деп жазады Otyrar.kz. Жол көлік оқиғасы 16-нан 17-не қараған түні болған. Апат салдарынан шетелдік автокөлік мыжылып, түгі қалмапты.
Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігі аса жоғары жылдамдықпен келіп, бұрылыста тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік жарнамалық билбордтың темір бағанына, кейін бетон қоршауға барып соқтығысыпты.
Соққының қатты болғаны соншалық, көлік екіге бөлініп кеткен және артынша өртене бастаған. Оқиға орнына полицейлер мен дәрігерлер және өрт сөндірушілер келіп, өртті жабылып өшірді. Алайда, көлік жүргізушісін аман алып қалу мүмкін болмапты.
Қайтыс болған жігіттің 1989 жылғы жергілікті тұрғын екені анықталды. Көлікте одан басқа ешкім болмаған.