$ 494.87  520.65  4.91

Сіміріп тастады: Әскери шенін жуып, ішімдік ішкен әйелдер қатты сынға ұшырады (ВИДЕО)

Әскери форма киіп, ішімдікті сіміріп ішкен үш әйел жұрттың ашуына тиді.  Олардың видеосы Instagram-парақшасындағы kazakstanda тобында жарияланды.

«Майор Асанова қолындағыны стақанды тауысып ішкен соң, барлығы қол шапалақтап, иығындағы шенді ауыстырған. Артынша, «капитан» және «аға лейтенант» атанған әйелдер де әріптесінің әрекетін қайталап, шендерін жоғарылатып алды», – деп жазған куәгер.

Ақпараттың қаншалықты рас-өтірігі белгісіз. Оқиғаның қай жерде болғаны да жазылмаған.  

Көпшілік әскерилердің бұл қылығын қатаң сынға алды. Елге қызмет етіп, үлгі болып жүрген қызметкерлер бұндай болмаса керек-ті деп пікір жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары