Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында полицейлер 85 жастағы жергілікті тұрғынды өз ұлын өлтірді деген күдікпен ұстады. Бұл туралы ОҚО ІІд-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Полицейлердің мәліметінше, 16 наурыз күні Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен хабарлама түскен. Арызда 85 жастағы қарт әжейдің өз ұлын өлтіріп қойғаны туралы айтылыпты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 55 жастағы ер азаматтың мәйітін тапты. Кейінірек анықталғандай, ол көзі тірісінде ішкілікке салынып, тіпті наркодиспансерде есепте тұрған екен.
Полицейлер зейнеткер әйелді ұстағанымен, оны абақтыға жапқан жоқ. Сот санкциясымен әжей үйқамаққа алынды.