Соңғы төрт жылда Швецияда заңсыз мигранттардың 4,5 мың баласы жоғалған. The Local басылымының хабарлауынша, жоғалғандардың барлығы ел үкіметінен пана сұраған екен. Алайда, билік пана берудің орнына оларды елден шығаруға шешім шығарған.
Басылымның мәліметінше, із-түссіз кеткен балалар саны бүгінде 4492-ге жетіп отыр. Олардың қатарында Швецияға өздері және ата-аналарымен келген балалар бар. Швецияның миграция жөніндегі агенттік берген ақпаратқа сәйкес, тек 2018 жылдың алғашқы 2 айында елде 223 бала жоғалып кетіпті. Былтырғы 2 айда бұл цифра 152-ні көрсеткен болатын.
Елде дәл мұндай жағдайды реттеуге арналған заң жоқ. Сондықтан, үкімет жоғалған балдар мәселесін қалай шешерін білмей отыр. Былтыр Швецияның балалар омбудсмені баяндама жасап, жоғалған балаларды ңздеу және оларды сауықтыру шараларын ұсынған болатын. Алайда, оның ұсыныстарына үкімет назар аударған жоқ.