2015 жылы қазақстандық түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері жақсарған, деп хабарлады республиканың білім және ғылым министрлігі.
Қазақстан Республикасында Ұлттық бірыңғай тестілеу үстіміздегі жылдың 2-ші маусым мен 8 маусым аралығында өткізілді.
"ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл-79,4 болды, яғни 2014 жылмен салыстырғанда (76,9) 2,5%-ға жоғары", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, осы жылы 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны 2,4 %-ға өсті, олар-14 420 (17,4 %) болды, 2014 жылы– 13 137 (15%).
50 балдық шеткі деңгейлік балды жинаған түлектер саны 4,5%-ға көбейді, яғни 67497 оқушы (81,4%), ал 2014 жылы олардың саны 67357 (76,9%) болды.
ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды 5 оқушы алды: Ердосова Гульназ Жандоскызы- Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мустафина Риана Еркінқызы- Астана қ. №59 мектеп-лицейі;Самат Сымбат Куанышқызы-БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова-ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі; Яковлева Анастасия Владимировна- Алматы қ. №90 лицейі. 2014 жылы ең жоғары балл алған нәтижені төрт түлек көрсетті.