$ 494.87  520.65  4.91

Мас жүргізуші әйелді қағып өлтірді

Ақмола облысының Жарқайың ауданында мас жүргізуші әйелді қағып кетті.

Бұл туралы облыстық ІІД Жол полициясы қызметінің кезекшілік бөлімінен хабарлады

Полицейлердің мәліметі бойынша, қайғылы жағдай таңғы сағат 04:00 шамасында Жарқайың ауданы аумағы арқылы өтетін «Жезқазған-Петропавл» тас жолының бойында орын алған. 

Араққа сылқия тойып алған «ВАЗ-21072» көлігінің 1989 жылғы жүргізушісі жол бойында кетіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Ауыр соққыдан әйел сол жерде көз жұмған.

Қазіргі кезде мас жүргізуші ұсталып, үстінен ҚР ҚК-інің «жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ опат болған әйелдің кім екені анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары