08.06.2015, 18:00

«БЖЗҚ» АҚ басқармасының төрағасы қызыметінен кетті

alau.kz

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының жаңа құрамы сайланды, деп хабарланған қордың ресми сайтында.

«БЖЗҚ» АҚ басқармасының төрағасы болып Ерденаев Руслан Серікұлы тағайындалды.

Р.С.Ерденаев жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2009 жылдың шілде айы мен 2013 жылдың тамыз айы аралығында «БЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ басқармасының мүшесі - басқарушы директоры лауазымында жұмыс істеді. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «БЖЗҚ» АҚ басқармасы төрайымының орынбасары болды.

Сонымен қатар «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқармасының құрамына басқарма мүшесі, басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенова Сәуле Сағынтайқызы, басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары Махмеджанов Ғалым Набибуллаұлы кірді.

Бұрын «БЖЗҚ» АҚ басқармасының төрайымы лауазымында жұмыс істеген Медеушеева Долорес Таировна басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.