08.06.2015, 18:00

Қазақстандағы ең тартымды жұмыс берушілер анықталды

1720.kz

«KazMunaiGas Group», «Samruk» және «Air Astana» компаниялары жұмысқа орналастыру көрсеткіші бойынша ең тартымды деп танылды. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жазылған. 

Жұмыс беруші брендингі сферасындағы әлемдік лидер «Universum» компаниясының сауалнамасы бойынша, дәл осы компаниялар студенттер мен қалыптасқан қызметкерлер тарапынан көп таңдалынады. Қандай компанияда және неге жұмыс істегісі келетіндіктерін анықтау үшін «Universum» 10 мыңнан астам студенттер мен қызметкерлерге сауалнама жүргізген.

Нәижесінде сұралушылардың 26,09%-ы KazMunaiGas Group-қа, 20,62%-ы Air Astana-ға, 15,61%-ы Samruk-қа дауыс берген. Қалыптасқан қызметкерлердің өздері KazMunaiGas Group (19,77%), Samruk (17,60%) және Air Astana (15,64%) компанияарын таңдады.

Жұмыс істегісі келген басқа да компаниялар қатарында студенттер BMW Group, Microsoft, Samsung, KPMG, Procter & Gamble, Ernst & Young және басқаларын атады. Мамандар үлкен сенімділікпен Gazprom, Kazakhmys, Tengizchevroil, Samsung, KazTransOil-ды атап өтті.

«Universum»  компаниясы жыл сайын 55 елдегі 1 млн-нан астам студенттер мен қалыптасқан қызметкерлерге сауалнама жүргізіп, олардың карьералық таңдауларын, коммуникациялық қалауларын және тұрақты жұмыс берушілерді қабылдау көрсеткіштерін анықтап отырады. Респондентке 125-149 жұмыс беруішінің тізімі беріледі. Олардың арасынан қатысушы 5 тұрақтысын таңдауы қажет. Осы ақпарат негізінде «Universum» студенттер мен қызметкерлер үшін «Ең тартымды жұмыс берушілер» рейтингін қалыптастырады. Рейтингтер «Бизнес», «Инженерия/жаратылыстану ғылымдары», «ІТ» және «Гуманитарлық ғылымдар» категорияларда қарастырылған.

Universum әдісі «Бедел және имидж», «Жұмыс сипаты», «Адамдар және мәдениет», «Жалақы және алға басу мүмкіндіктері» атты сипаттамаларға негізделген.