$ 494.87  520.65  4.91

Тәжік гастарбайтері әлеуметтік желіде өзін ренжіткен жас жігітті пышақтап өлтірді

Ресейлік полицейлер жас жігітті өлтірді деген күдікпен Тәжікстан азаматына іздеу салды. Қанды оқиға Жаңа Мәскеу ауданында болған деп хабарлайды «Москва» ақпараттық агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, адам өліміне әлеуметтік желіде туындаған жанжал себеп болған.

Құқық қорғаушылардың берген мәліметіне сәйкес, 22 наурыз күні «Яндекс.Такси» қызметіне тиесілі KIA автокөлігінің артқы орындығынан 20 жастағы Дағыстан тумасының мәйіті табылған. Оның денесінде көптеген пышақ жарақаты болыпты және жүрегіне де пышақ кірген.

«Тергеушілер анықтағандай, қайтыс болған жігіт әлеуметтік желіде бейтаныс тәжік азаматымен жанжалдасқан. Екеуі "Щербинка" дәмханасында кездесуге келісіп, сол жерде өзара дауды шешпек болыпты. 22 наурыз күні марқұм өз достарымен аталған жерге барады. Екінші тарап та бірнеше адам болып келіп, сол жерде олар атысқан және төбелескен. Төбелес кезінде күдікті жәбірленушінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып алған. Артынша оқиға орнынан ізін суытып үлгеріпті. Ал, марқұмның достары болса оны таксиге отырғызып, өздері полицияға хабар берген», — деп мәлімдеді құқық қорғаушылардың бірі.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары