$ 439.4  473.54  4.76

Ұл баланы армандаған ер азамат 3 айлық қызының басынан ұрып жаралады

33 жастағы Джейсон Биттнер 3 айлық қызының басынан ұрып, ауыр жарақат салды деп жазады Life.ru. Бұл әрекетін ол сәбидің тым жылауықтығымен және өзінің қыз емес, ұл армандағанымен байланыстырып отыр.

Джейсон АҚШ-тың Огайо штаты Мейсон қаласында терапевт дәрігер болып жұмыс істейді. Әйелі және екі қызы бар. Кішкентайы былтыр қараша айында дүниеге келген. Сол қуанышты күннің суретін Джейсонның өзі әлеуметтік желідегі парақшасына да іліп қойыпты.

Ер азаматтың өзі нәрестені ауруханаға алып келіп, оны құлап қалды деп өтірік айтыпты. Дәрігерлер сәбидің жарақаттарын тексеріп болған соң дереу полицияға хабар берген. Өйткені, қыздың басындағы зақымдардың қасақана жасалғаны анық дейді олар. Ауруханаға жеткен тәртіп сақшылары Джейсонды ұстап әкетті. Қазір ол қамауда, тергеліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары