$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұздың ерте сөгілуіне байланысты Үлбі өзенінде мұз кептелді. Азаматтық қорғаныс қызметінің барлық күштері мен құралдаы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда халыққа хабарландыру беріліп жатыр. Адамдарға су тасқыны болған жағдайда не істеу керектігі, қайда эвакуацияланатындары туралы ескертілуде», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-ның Глубокое ауданында да төтенше жағдай жарияланған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары