Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда орталығының өртенуіне қатысты үш адам ұсталды деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігі.
Ұсталғандардың қатарында орталықтың директоры Надежда Судденок та бар. Ол қазіргі таңда тергеу комитетінде түсінік беріп жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, ондаған адамның өмірін жалмаған өрттен кейін РФ Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кеткен.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, сауда үйінде болған өрттен кемі 40 адам қаза тапуыпты. Тағы 82 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Құтқарушылар қазір 69 адамды іздеп жатыр. Олардың 40-ы 2 мен 13 жас аралығындағы кішкентай балалар.
Кемерово облысы губернаторының орынбасары Владимир Черновтың айтуынша, жоғалып кеткендердің қатарында Томск қаласынан келген бір сыныптың оқушылары мен Трещев селосынан келген 12 оқушы да бар.