26.03.2018, 04:51

Ресейдегі өрттен қаза тапқандар саны 48 адамға жетті

Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» ойын-сауда орталығында болған өрт салдарынан қаза тапқан адамдар саны 48-ге жетті. Бұл туралы РИА Новости шұғыл штабтың өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Штабтағылар қазіргі таңда тағы 16 адамды іздеп жатқандарын айтқан. Құтқарушылардың айтуынша, олар 4-қабаттағы кинозалдардың бірінде болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейінгі мәлімет бойынша марқұмдар саны 37 адам деп көрсетілген болатын. Жарақат алғандар саны 84 адамды құрайды.

Аталған қайғылы жайтқа байланысты РФ Қылмыстық кодексінің үш бірдей бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сауда орталығының басшысы мен тағы екі адам ұсталып, тергеушілердің сауалдарына жауап беріп жатыр.