Qazaq air әуе компаниясы шілденің бірінен бастап әуе рейстерін іске асыра бастайды.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Бірінші шілдеден бастап Qazaq air әуе компаниясы жолаушы тасымалдауға кіріседі. Аяқтан тұрғызғаннан кейін компанияны жекешелендіруге болады», - деді қор басшысы.
Qazaq Air – «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры тарапынан құрылған жаңа компания.