$ 444.32  473.33  4.76

Қазақ азаматы Криштиану Роналдуға шапан жапты (ВИДЕО)

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі танымал футболшы Кришнану Роналдумен Швецарияның Женева қаласында арнайы кездесті. Португалдық спортшыға жерлесіміз қазақы шапан жауып, кәдесый тарту етті.

«Бұл шапан қазақта ең беделді, сыйлы адамға беріледі», – деген компания өкілі аудармашыға сөзін ағылшынға түсіндіруді қайта-қайта тапсырды.

Криштиану Роналду – Португалия ұлттық құрамасының және мадридтік "Реалдың" шабуылшысы. Ол "Алтын допты" 5 рет иеленген әлемдегі ең даңқты футболшылардың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары