$ 494.87  520.65  4.91

Орта Азиядағы ең ескі түрме сүрілетін болды (ВИДЕО)

Халық арасында «Таштүрме» (Өзбекстан) деп аталып кеткен бұрынғы №1 тергеу абақтысының ғимараты бұзылады. Оның орнына заманауи саябақ салынады. Өзбекстан үкіметінің 22 наурыздағы қаулысына сәйкес, «Таштүрменің» бұрынғы ғимараты үш айдың ішінде сүріледі, делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, Ташкенттің Юнусабад ауданында орналасқан «Таштүрмедегі» сотталушылар Ташкент облысының Зеңгіата ауданындағы жаңа түзеу мекемесіне ауыстырылған. Соңғы уақытта №1 түзету мекемесінде 2,5 мың адам отырған. Жаңа түзету мекемесіне қанша адам отыратыны әзірге белгісіз.

Ташкент облысындағы жаңа тергеу абақтысы тоғыз блоктан тұратын жұлдыз іспеттес кешен.

Өзбекстанда 52 түзету мекемесі бар. Осы уақытқа дейін «Таштүрме» Орталық Азиядағы ең көне түрме саналып келген. №1 тергеу абақтысының ғиамараты патшалық Ресейдің генерал-губернаторы шығарған 1891 жылғы қаулысымен салынған.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары