Германияның Бенндороф қаласында 47 жастағы әйел 10 жыл бойы екі сәбиінің денесін тоңазытқыш ішінде сақтап келген. Ол мұндай қадамға азаматтық некедегі күйеуінен айрылып қалудан қорыққанынан барыпты деп жазады Bild.
Штеффи есімді әйел балаларды 2004-2008 жылдар аралығында босанып, олар туыла салысымен тұншықтырып өлтіріп отырыпты. Денелерін тоңазытқышқа тығып тастаған. Өзінің айтуынша, шарананы дәрігерге барып алдырып тастауға ақшасы болмапты. Сондықтан үйде жалғыз босанып, аса ауыр қылмысты да жалғыз жасаған.
Бұл жағаұстатарлық оқиға тек биыл ғана белгілі болып отыр. Тексеру барысында нәрестелердің бірі ұл, екіншісі қыз екені анықталған. Штеффидің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі араларында бала болуына қарсылық білдіріпті.