$ 488.45  529.19  5.04

Фастфуд өнімдерін дайындайтын дәмхана қызметкері тамаққа түкірген

Мына бір видеода жылдам әрі тез тағамдар дайындайтын америкалық ресторанынның қызметкері келушілердің көзінше тамаққа түкіреді. Бұл сәт түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.

Оқиға Монтана штатының Мизула қаласындағы Pita Pit мейрамханалар желісінің бірінде болған. Тұтынушымен сөзге келіп қалған кафе қызметкері тамаққа түкіріп: «Мен мұнда үш күн түні бойы жүрмін, үйге қайтқым келеді. Бұл сол үшін» деп тамақты бетіне лақтырып жібереді. Бірақ ұрыстың қандай себептен шыққаны белгісіз.

Ашуға булыққан клиент телефонға түсіріп алған бейнероликті Facebook желісіне жүктеген. Артынша ресторан басшысы клиенттен кешірім сұрап, тамағына түкірген қызметкердің ендігіде ол жерде жұмыс істемейтінін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары