Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында оқушылар арасындағы төбелес пышақтасуға дейін барып, екі бала ауруханадан бір-ақ шықты. Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер анықтағандай, 15 жастағы күдікті бала көрші ауылдың оқушыларын пышақтаған. Жәбірленгендердің екеуі де 16 жаста. Олар аудандық ауруханаға жеткізіліпті.
Ал, оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні тәртіп сақшылары сол күні қолға түсірген. 2002 жылы бала өз ауылына кетіп қалған екен. Аталған жайт негізінде адам өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Күдікті жасөспірім қазіргі таңда қамауға алынды.