Астана полицейлері пәтер алаяғының суретін жариялады, - деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қасымбеков Қайрат Серікұлына іздеу жарияланды. Ол 1983 жылы 01 қаңтарда туылған.
"Қасымбеков заңсыз жолмен жылжымайтын мүлікті (екі бөлмелі пәтерді) атына шығарып алған. Ол кенеттен қайтыс болған Астананың егде жастағы тұрғынының пәтерін рәсімдеп, кейін сатып жіберген. Қазіргі таңда Астана қалалық ІІД тергеу басқармасы аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген ІІД хабарламасында.
Айта кетейік, елордалық полицейлер Қайрат Қасымбековтің құрбаны болғандар бар болса Астана қалалық ІІД-ге мына телефондар арқылы хабарласуды сұрап отыр: (7172)71-63-56, 71-63-69, 87024740083.