$ 494.87  520.65  4.91

Депутат пен министрдің дауы жалғасуда

Мәжілісмен мен министр арасындағы айқас жалғасуда. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Білім министрі Аслан Сәрінжіповке қатысты Бас прокуратураға шағымданды, деп хабарлайды ktk.kz телеарнасы

- Сәрінжіпов мырза маған немесе Бас прокуратураға кім, қашан маған ақша бергенін айтсын.Мен ешкімнен  әрине, пара да алған жоқпын. Және мен көзқарасымды басқа біреудің ықпалымен жасамаймын», - мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Бас прокуратура депутаттың арызын Ішкі істер министрлігіне жіберіпті.  Қазір бұл іс бойынша тексеру жүріп жатыр. Егер Сәрінжіповтың Перуашевты  бекер қаралағаны заң жүзінде дәлелденсе, министр қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Мәжілісмен мен министр арасындағы дау жоғары оқу орындарын аттестациялаудан босатып, аккредитацаиядан өткізу туралы заң жобасын талқылау кезінде туғанын болатын. «Ақ жол» партиясының төрағасы дәл осы саланы келістіре алмай отырған Білім министріне отставкаға кетуге кеңес берген болатын. Бұған шамданып қалған Сәрінжіпов депутатты «лоббист» деп салды. Сөйтіп, соңында бірін-бірі сотқа беретін болған. Прокуратураға алғаш болып шағымданған Перуашев, министр жұрт алдына шығып, ресми түрде кешірім сұрағанда ғана арызын қайтарып алатыны айтады. Ал, жеке кездесіп шай үстінде келісімге келуге мүлдем қарсымын дейді мәжілісмен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары