$ 448.15  483.46  4.86

Астанада алапат өрт болды

Астанада түнгі сағат екілердің шамасында өрт шықты. 

Куәгерлердің айтуынша, алапат өрт маусымның 10-ынан 11-іне қараған түні Кенесары-Брусиловский көшелерінің қиылысында басталған. Полиция жолды жауып тастады, оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті.

Тілсіз жауға куә болғандардың бірі болған жайтты камераға түсіріп алып, Facebook әлеуметтік желісіне орналастырған. 

«Өрт 40 минут бұрын басталды. Полиция жолды жауып тастады, ал өрт сөндірушілер 10 минут бұрын келді. Қызыл жалын одан сайын өршіп кетті», - деп жазды куәгерлердің бірі Facebook-тегі аккаунтында. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары