$ 494.87  520.65  4.91

4 студенттің өліміне колледж директорының орынбасары күдікті ретінде ұсталды

Ақмола облысында төрт студенттің өліміне әкеліп соқтырған оқиғаға байланысты Қорғалжын селосындағы №5 агротехникалық колледж директорының техникалық жағынан орынбасары ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, маусымның 10-ы күні 12:20 минут шамасында Қорғалжын селосындағы №5 агротехникалық колледждің 1 курс студенттері (1999 жылғы А. Амангелді, 1997 жылғы И.Жұмамұрат, 1998 жылғы В.Новицкий және 1999 жылғы А.Құндақбаев) аталған білім ордасының маңында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезінде абайсызда дөңгелекті темір баспалдақпен 380 вольтті электр сымын іліп кеткен. Осының салдарынан тоқ соғып, студенттердің төртеуі де сол жерде жантәсілім етті.

Қазіргі кезде аталған білім ордасы директорының техникалық жағынан орынбасары ұсталып, ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары