$ 486.44  534.31  5.06

Қызылорда билігі ауылдарды су алмайды деп уәде берді

Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысы Серік Сермағамбетовтің айтуынша, бүгінде Сырдария жағалауы мен елдімекендерді су алу қаупі жоқ. Барлық жерде қорғаныс бөгеттері нығайтылып, тәулік бойына өзен арнасы бақылауда.

"Біздің болжам бойынша, 31 наурыз күні кешке қарай мұз Арал теңізіне жетеді. Мұз кептелісі және кедергілер жоқ. Өткен жылдары қауіпті жерлердің бөгеттері бекітілген болатын. Ал, мұз қалыңдығы 30-40 см болған жерлерге мұз жару процесі жүрді. Бүгінгі таңда, жағдай тұрақты. Су тасу қаупі жоқ", - деді Серік Сермағамбетов.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 29 наурызы күні Қазалы бөгеті мен "Шағала" тынығу лагері маңын су алған болатын. Серік Сермағамбетовтың айтуынша, қазір лагерь жанында су тарту жұмыстары жүргізілуде.

"Лагерьдің 2,9 га жерін су басты. Қазіргі кезде су тарту жұмыстары жүруде. Жалпы, лагердің жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген, алдағы уақытта онда күрделі жөндеу өткізіледі", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары