$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте балмұздақтан улану дерегіне қатысты іс қозғалды

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 61 адамға жетті деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. Олардың 20-сы дәрігерлер қарауынан кейін үйлеріне жіберілген. Қалғандары ауруханада емделіп жатыр. Полицейлер қазір бұл жайтқа байланысты тексеруді бастап кеткен.

«Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не жұқпалы аурулар ауруханасынан 41 адам балмұздақтан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт Әл-Фараби ПБ-нің СДТБТ-не "санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлермен оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген департамент таратқан хабарламада.

Еске салайық, Шымкенттегі жаппай уланудан ауруханаға түскендер саны бұған дейін 39-ды құрады деген ақпарат тараған болатын. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Араларында жүкті әйел мен кішкентай бала да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары