01.04.2018, 11:35

Қостанай облысында ауыл тұрғыны көрші ерлі-зайыптыларды айуандықпен өлтіріп кетті

Көрнекі сурет

Қостанай облысындағы Железнодорожное ауылында ерлі-зайыптыларды өлтіріп кетті. 26 наурызда жасалған қылмыс туралы мәліметті өңірлік ІІД растады деп жазады sputniknews.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, 76 жастағы ер адам мен 74 жастағы әйелдің денесі табылыпты. "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу ісі басталған.

Тергеу барысында 41 жастағы күдікті ұсталды, ол сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Ер адам қылмысын өзі мойындаған, қазір ұсталып, қамауға алынды.