01.04.2018, 17:49

2 ақпанға қараған түні Жерге салмағы 8 тонналық Tiangong-1 аппараты құлайды

Қытайдың қолданыстан шығып, ғарышта өз бетімен ұшып жүрген зертхана аппараты сәуірдің 1-і немесе 2-і күні Жердің атмосфералық қабатынан өтуі мүмкін деп хабарлады аталған нысанды бақылап отырған Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA). Бұған дейін агенттік ғарыштағы ескі аппарат Жерге наурыздың 31-і немесе сәуірдің 1-і күні жетуі мүмкін деп хабарлаған болатын, бірақ кейін ықтимал уақыты өзгерді.

Қытай билігі салмағы сегіз тонналық Tiangong-1 зертхана аппараты зиян келтіре қоймайды, бірақ атмосфераға еніп жанған кезде метеорит ағыны тәрізді көкте әдеттен тыс ерекше құбылыс байқалуы мүмкін деп мәлімдеген.

"Адамдар ештеңеден қауіптенбеуіне болады", - деп хабарлаған Қытай ұлттық ғарыш басқармасы WeChat әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.

Мұндай ғарыш нысандары "Жерге ғылыми-фантаситкалық фильмдердегідей күрт құлап түспейді, алайда керемет [метеорит ағыны] жұлдызды аспанда Жерге қарай зулап келе жатқаны көрінеді" делінген хабарламада.

Дереккөз: Азаттық