Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының күрт жылынып, жауын-шашын жаууына байланысты қар суы еріп, өзендер арнасынан асуы мүмкін деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады.
Синоптиктер аталған өңірлердің тұрғындарын қауіптің алдын алуға және сақ болуға шақырды.
3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басу күтіледі.
3-4 сәуірде Павлодар облысының өзендерінде, оң мәнді ауа температурасының жоғарылау болжамына, сонымен қатар Шүлбі су қоймасынан тасталатын судың жоғарылауына байланысты, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуі және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) алып келеді.
2-4 сәуірде Қарағанды облысының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басу күтіледі.
2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, жергілікті бүйірлік ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейлерінің көтерілуі, судың жайылуы және су басу күтіледі.