$ 494.87  520.65  4.91

Реджеп Тайып Ердоған шіркеуде Құран оқып, христиандардың ашуын туғызып алды

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Стамбұлдағы бұрынғы әулие София православ соборында Құран оқып, христиандардың ашуын туғызды. Бұл туралы The Independent мәлімдеп отыр.

Ердоған Құран сүрелерінен бірнеше қатарды жатқа айтып, Стамбұлды жаулап алып, әулие София шіркеуі ғимаратын мұраға қалдырған бабаларына дұға бағыштаған. Кейін ол өзінің мұндай қадамға киелі орында толқып кеткендіктен барғанын айтты.

Айта кетейік, Түркия президенті кеше әулие София шіркеуі ғимаратында басталған өнер фестивалінің ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қазіргі таңда аталған ғимарат музейге айналған. Жыл сайын мұнда миллиондаған турист келеді. Ал, бұған дейін ғимарат әлемдегі ең ірі христиан храмдарының бірі болған.

Ердоғанның шіркеуде Құран оқуына ең бірінші болып Греция христиандары наразылық білдірді. Афины билігі бұрынғы шіркеудің қазір мешіт емес музей екенін ескере келе, онда ислами рәсімдер жүргізудің дұрыс еместігін айтты.

Еске салайық, әулие София шіркеуін түріктер XV ғасырдың ортасында жаулап алған болатын. Бұл кезде Стамбұл Константинополь деп аталатын. Осман империясының қарауына өткеннен кейін қаланың атауы өзгерді. Ал, шіркеу болса мешітке айналып, мұсылман жамағатына 1935 жылға дейін қызмет етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары