Лондондағы жерасты жолында ойнап төбелесіп жатқан екі жігіт байқамай пойыз жолға құлап кетті деп жазады life.ru.
Видеода бір-бірімен күресіп жатқан жігіттер пойыз жолға қарай тайып, құлап кетеді. Сөйтіп, 1-2 метр қашықтықта тұрған достары оларды дереу құтқарып алады. 2-3 секундтан кейін пойыз зырғып өте шығады. Абырой болғанда, екеуі де дін аман.
Кейін жастардың ішімдік ішкені анықталған. Полиция оларды жауапқа тартып, әрқайсысына қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салды.