$ 494.87  520.65  4.91

Салман Хан 20 жыл бұрынғы қылмысы үшін бас бостандығынан айрылды

Болливудтың ең танымал актерларының бірі Салман Ханды Джодхпур қаласының соты браконьерлікпен айналысты деп айыптады. NDTV телеарнасының хабарлауынша, актер бұл қылмысты осыдан 20 жыл бұрын жасаған екен.

Сотта 1998 жылы жасалған қылмыс қаралған. "Бізді айыру мүмкін емес" фильмінің түсірілімі кезінде Салман Хан мен оның кинодағы әріптестері иірмүйізді киіктерді аулаумен айналысыпты.

Әріптестері деп отырғанымыз: Саиф Али Хан, Табу, Сонали Бендре және Нилам. Сот олардың бәрінің кінәсін дәлелдей алмағандықтан босатып жіберген. Ал, Салман Ханның өзі 5 жылға бас бостандығынан айрылып отыр.

Айта кетейік, Хан Үндістанда тек актерлікпен ғана емес, тележүргізуші болып та жұмыс істейді. Ол елдегі ең танымал актерлардың қатарында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары