Ақтөбеде жеңіл автокөлік жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға шығып кетіп, артқа жүріп жатқан сәтте кішкентай баланы басып кетті. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалып, видеокадр instagram әлеуметтік желісіндегі zello_aktobe парақшасында жарияланды.
Видео авторы оқиғаның кеше болғанын жазған. Ақ түсті Kia Rio автокөлігі жолаушысын түсіре сала, көлікті артқа жүргізген. Бұл сәтте жолды 9 жасар бала кесіп өтіп бара жатқан еді. Көлік оны қағып, бірнеше метрге дейін сүйретіп әкетті. Кейін тоқтаған сәтте көліктің астынан баланың шығып жатқан сәті анық көрінеді.
Әзірге баланың жағдайы туралы ақпарат жоқ. Видео авторы оқиғаға куә болған адамдар болса көліктің номерын айтуын сұрауда.