Біріккен Араб Әмірлігінің королі Халиф бен Заед әл-Нахаян атындағы қайырымдылық ұйымы қасиетті Рамазан айында 2 млн. адамға тегін тамақ тарататын болады.
Бұл үшін сол кезде ел аумағында 105 тамақтану орталықтары жұмыс істейді. Орталықтың есігі ақшам намазынан соң айқара ашылып, кез келген жан қалауынша тамақтана алатын болады. Сондай-ақ ас арнайы дорбаға салынған күйі шет елдерге де жөнелтілмек.
Ел королі шейх Халиф атындағы қайырымдылық ұйымының бұл игі шарасы осымен сегізінші жыл өткізіліп келеді.
«Бұл шараны өткізу үшін біз ел тұрғындары мен мейрамханалардың, асханалар желісінің көмегіне сүйенеміз», - дейді ұйымның бас директоры Мухаммад Хаджи әл-Хури.
Қасиетті Рамазан айында БАӘ-інде мұндай қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылады. Тегін тамақтандыру, қайырымдылық шараларын қаржыландыру, азық-түлік пен басқа өнімдердің арзандауы бұл айда тіптен көбейе түседі, деп хабарлайды muslim.kz.