$ 494.87  520.65  4.91

15 маусым Грузияда қаралы күн деп жарияланды

Грузия үкіметі 15 маусымды Тбилисидегі су тасқынынан қаза тапқандарды еске алу күні деп жариялады.

Үкімет су тасқыны салдарын жою жұмыстарына байланысты және транспорт ағынын азайта тұру мақсатында Тбилисиде 15 маусым - дүйсенбі жұмысты тоқтатты. Үкімет сайтында жарияланған бұйрық бойынша, жұмыс тек Тбилисиде ғана тоқтайды және су тасқыны салдарын жою жұмыстарына тартылатын мемлекеттік органдар жұмысы тоқтамайды.​

Тбилисидегі су тасқынынан келген адам шығынына байланысты бүгін Грузиядағы барлық шіркеулер мен монастырларда қоңырау соғылады. Грузия патриархының 14 маусымда кешке таратқан мәлімдемесінде храмдарда тасқыннан құрбан болғандарды еске алу өтетіні айтылған.

Соңғы деректер бойынша, Тбилисиде 14 маусым күні болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 13 адамға жеткен. 50-ге тарта адам жараланып, 24 адам із-түзсіз жоғалған. Тасқын салдарынан жолдар мен инфрақұрылым нысандары бүлініп, ондаған үй қираған. Құтқарушылар апат кезінде зоопарктен қашып кеткен хайуандардың біразын ұстап, қолға түспегендерін атып өлтіруге мәжбүр болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары