Астанада жоғалып кеткен 21 жастағы Ақжан Мәделхан аман-есен табылды деп хабарлайды Казинформ.
Баланың анасы хабарлағандай, оны полицейлер емес, туыстарының өздері тауып алыпты.
Еске салайық, бұған дейін Ақжан Мәделхан есімді жас жігіттің із-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат таратқан болатынбыз. Ол 4 сәуір күні түстен кейін үйінен шығып кеткен. Соңғы рет оны куәгерлер Сығанақ көшесінің бойындағы «Пекин Палас» қонақ үйінің маңынан көріпті. Ол «Евроцентр» бизнес орталығынан кешкі сағат 18.00-19.00 аралығында шығып, үйіне қарай беттеген. Содан кейін оны көрген-білгендер жоқ. Жігіт ұялы телефонын да сөндіріп тастаған.
Анасы Ақжанды қайдан тапқанын және осы уақытқа дейін ол не үшін хабарсыз кеткенін айтқан жоқ.