$ 494.87  520.65  4.91

Қытай соты қорғаушы келтірген заңды дәлелдерді ескермеді

Бүгін Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласының соты ҚР азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты есірткі контрабандасы үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

Сот Қазақстан азаматшасын ұстау және алдын ала тергеу кезінде қылмыстық-процессуалдық нормалардың бұзылғаны, сондай-ақ істі қарағанда жан-жақтылықтың (жүкті жіберген, қабылдауы тиіс адам және т.б. табылмады) болмауы туралы қорғаушы келтірген дәлелдерді ескермеді. 

Сот үкіміне қатысты 10 күннің ішінде апелляциялық сатыда, провинциялық деңгейдегі сотқа шағым келтіру жоспарланып отыр. 

Сот отырысына қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетовпен бірге Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің консулдық бөлімінің өкілдері де қатысты. Белгілі болғандай, Ақжарқын Тұрлыбай қытай тілін белсенді меңгеріп, қазіргі кезде қытайша түсіне алады. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-ның 20 жастағы азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Малайзияға жол жүрмек болған Гуанчжоу қаласының әуежайында синтетикалық есірткі заттарын тасымалдамақ болды деген күдікпен ұсталды. Есірткі бойжеткеннің жүгінен табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары