Ресейлік танымал әнші Жанна Фриске кеше түнде көз жұмды.
Бұл жөнінде бұқаралық ақпарат құралына әншінің әкесі Владимир Фриске мәлімдеген, деп хабалады ТАСС агенттігі.
«Жанна көз жұмды, бұл рас. Бұл қайғылы жағдай 15 маусымда түнгі сағат ондарда орын алды» деген В.Фриске. Еске сала кетейік, Жанна Фрискеге 2013 жылы бас миының обыры деген диагноз қойылған болатын. Сол уақыттан бері ол АҚШ, Қытай, Германия елдерінде ем қабылдап, жағдайы біршама жақсарған болатын.
Сондай-ақ, 2013 жылы сәуір айында ол азаматтық некедегі күйеуі Дмитрий Шепелевтен ұлды болған еді.