15.06.2015, 18:00

Елордада 11 келі героинмен ер адам ұсталды

www.vesti.ru

Астана қалалық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елорда аумағында есірткімен заңсыз іс-қимылдар жүргізуге қатысы бар Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұсталған азаматтың тұрып жатқан үйін тексеру кезінде есірткілік зат табылды. Өткізілген сараптама оның  героин екенін анықтады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 11 келіден асады.

Қара базарда жоғарыда аталған есірткінің бағасы жарты миллионнан астам АҚШ долларын немесе 55 мың бір реттік дозаны құрап отыр. 

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен сол алдындағы тергеудің  бірыңғай тізімінде тіркелген. Ұсталған азамат Астана қалалық ІІД-нің изоляторына қамауға алынды. Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері есірткіні жеткізу арналары мен оларды сату кестесін, сондай-ақ ұсталған азаматтың елорда аумағында есірткі қылмыстарын жасауға қатыстылығын анықтау бойынша арнайы жедел-іздеу шараларын өткізіп жатыр.