Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясының басшысы ұсталды деп жазады Объектив.kz.
Портал тілшілерінің мәліметінше, ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары жүргізген. Ондағылар әзірге бұл дерек бойынша ешқандай ақпарат бермепті. Бірақ, шенеуніктің ұсталғанын жоққа да шығармаған. Ал, облыстық соттағылар болса полиция полковнигін қамауға алуға санкция беруге құжаттар түспегенін айтып отыр.
Айта кетейік, аталған қызметті 2016 жылдың ақпан айынан бері 40 жастағы Нұрдәулет Төлегенұлы атқарып келген.