$ 498.34  519.72  4.85

Атырау облысында діндар ата-аналар екпеден жаппай бас тартып жатыр

Екпеден бас тартқан ата-аналардың саны 260 адамнан асыпты. Олардың 90 пайызы дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері деп жазады «Мой город» порталы.

Мұндай мәліметті облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетірн атқарушы Ерболат Уайысов баспасөз жиынында мәлімдеген. Оның сөзінше екпе егілмеген балалардың саны жыл басынан бері 260-тан асыпты.

– Бұл соңғы төрт айдың ішіндегі көрсеткіш. Өткен жылы баласына екпе салудан 484 ата-ана бас тартқан. Ал 2016 жылыбұл көрсеткіш 398-ге жеткен еді, – дейді Ерболат Уайсов.

Ол қазір балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналармен медицина қызметкерлері және мешіт имамдары жұмыс жүргізіп жатқанын да айтты.

Жергілікті имам Өсімхан Тілеуовтің айтуынша, исламда екпе салуға тыйым салынбаған. Әдетте салафизм ағымын ұстанушылар балаларына дәрі беріп, екпе ектіруден үзілді-кесілді бас тартатын көрінеді. Дін істері басқармасының мәліметінше, бүгінде Атырау облысында дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарына өтіп кеткен адамдар саны 3200-ді құрайды екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары