$ 518.31  567.96  6.03

Үре бергенінен мезі болдым: кәріс азаматы көршісінің итін сойып жеп қойды

Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласындағы Кёнгидо ауылының тұрғыны көршісінің итін жеп қойды. 63 жастағы қарияның асына айналған екі жасар күшік бағалы вельш-корги тұқымынан деп жазады The Korea Herald порталы.

Наурыз айынан бастап іздеу салған корги күшігінің иесі оны тапқан адамға 1 миллион вон беремін деп хабар таратқан. Сол аралықта әйел көршісінің жақында ғана ит сойып жегенін естиді. Ол дереу полицияға хабар беріп, ер азаматты тексеруін сұрапты.

Полициямен болған әңгімеден кейін айыпталушы өз кінәсін мойындайды. Айтуынша, иттің үрген даусынан әбден мезі болған екен. Алғашында ол күшікті таспен ұрыпты. Содан кейін электр сымымен буындырып өлтірген. Артынша сойып, тамақ жасап жепті. Тіптен таныстарын қонаққа шақырып, ит етінен ас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары