$ 448.56  478.03  4.79

Автоматтандыру және робот техникасы қауымдастығы құрылды

Бұл туралы бүгін TNS-INTEC компаниясы директорының орынбасары  Олег Трегубенко мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда автоматтандырумен айналысатын компаниялар қатары аз емес. Көптеген отандық кәсіпорындар өз шаруашылықтарын жаңғыртып, сәйкесінше жүйелер енгізуде. Бүгінде бұл сала даму үстінде. Дегенмен, саланың дамуына тежеу болатын проблемаларды айқын түсініп, көріп отырмыз. Ең біріншісі - бұл кадрлардың жетіспеушілігі. Ал екінші проблема - бұл отандық өнірушілерге сенімсіздік. Қазақстандық компаниялардың даму әлеуеті жоғары. Ал олардың күш-жігерін қауымдастық аясына топтастыру қазақстандық әзірлеушілерді қолдауға мүмкіндік жасап, бұл саланың дамуына серпін береріне сенімдіміз», - деді ол.

Жаңа бірлестік өкілдерінің пайымынша, еліміздегі автоматтандыру саласында шынайы жобалар болған жағдайда кәсіби кадр тапшылығы төмендейтін болады.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні автоматтандыру және робот техникасы саласындағы әлемдік көшбасшылар қатарында Жапония, Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея және Германия елдері бар. Бұл мемлекеттердің барлығында саланы дамытуға бағытталған бағдарламалар қабылданып, бейінді коммерциялық емес ұйымдармен ынтымақтастық жолға қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары