15.06.2015, 18:00

Алматы-Шымкент тас жолында ірі жол апаты орын алды

http://otyrar.kz/

Алматы-Шымкент трассасында жан түршігерлік жол апаты орын алды, дап хабарлайды otyrar.kz

Алматы республикалық күре жолында болған көлік апаты салдарынан 8 адам қаза тапты.  Олардың арасында бір бала бар.

Қаза тапқандардың барлығы - «Мерседес Спринтер» бағдарлы көлігінің жолаушылары.

Ол HOWO жүк көлігімен соқтығысқан.

ОҚО ІІД-нің тергеушілері оқиға себептерін анықтау үстінде.