13.04.2018, 04:13

Орыс қызы анасын зорлағаны үшін өгей ағасын пышақтап өлтірді

Кемерово облысының тұрғыны өгей ағасын өлтіргені үшін қамауға алынды. Тергеу барысында белгілі болғаны, жас келіншек бауырының анасын зорлағанын біліп қойған.

Прокопьевск ауданының 28 жастағы тұрғыны ата-анасының үйіне қонаққа барған. Сол жерден ол өгей ағасының бұрын асыраушы анасын зорлағаны туралы естиді. Сөйтіп мас күйінде ол өгей ағасының үйіне аттанады. Есікті ашқан сәтінде ішіне пышақ сұғып алған. Осыдан кейін әйел өз үйіне келіп, бірге тұратын сүйіктісіне жедел жәрдем шақыруын сұрайды. Сондай-ақ, болған жағдайды полицияға хабарлауды айтқан.

Сол мезетте көз жұмған еркек жақында ғана түрмеден босап шыққан екен.