13.04.2018, 04:28

Таразда үй өртеніп, 4 және 5 жастағы екі бала қайтыс болды

Таразда тұрғынүй өртеніп, екі сәби көз жұмды деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Өрт 12 сәуір күні кешкі сағат 17:00 шамасында тұтанған. Өрт сөндірушілер оны бір сағат көлемінде толықтай өшірді. Тілсіз жаумен күресуге 27 маман мен 6 техника жұмылдырылған.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін 2013 және 2014 жылғы екі сәбидің мәйітін оқиға орнынан алып кетті. Қазір өрттің неден тұтанғанын анықтап жатырмыз", - дейді ТЖД өкілдері.