13.04.2018, 05:32

Қостанайға қыс қайта келді

Қостанайда бейсенбі күні кешкісін аяқ астынан боран соғып, қаланы қар басып қалды, ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеген деп жазады Sputniknews.kz.

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары күтпеген жерден қайта түскен қыстың суреттерін жариялап жатыр.

Бұдан бұрын "Қазгидромет" РМК дабылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктердің мәліметінше, 14-15 сәуірде Қостанай облысында күннің күрт жылып, қар еруіне байланысты өзендер арнасынан асып, су басу қаупі төніп тұрған еді.